22.01.2015
Кездесуге аталмыш қордың Қазақстан Республикасындағы Атқарушы өкілі Р.А.Сисемәлиев, сонымен қатар Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы төрайымының орынбасары, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж.Сүлеймен қатысты.
«Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова БҰҰ Тұрғын халық саласындағы Қорының Қазақстан халқының тұрақты дамуы мен әл-ауқатының артуындағы елеулі үлесін атап өтті», - делінген хабарламада.
Ол өз сөзінде Қазақстанның мемлекеттік органдары мен БҰҰ Қоры арасындағы әріптестікті: Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым министрліктерінің және Мемлекет басшысы жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы жұмыстарын оң бағалады.
Одан әрі Мемлекеттік хатшы 2014 жылы Қордың мемлекеттік органдармен арадағы өзара іс-қимылдарының: отбасын жоспарлаудың маңызды бағдарламасының ойдағыдай жүзеге асқанын, әйелдер мен жастардың, көшіп келушілер мен оралмандардың денсаулығын репродуктивті түрде қорғаудың қамтамасыз етілгендігін, денсаулық сақтау жүйесіндегі гендерлік зорлық-зомбылыққа шұғыл тосқауыл қоюдың жолға қойылғандығын, мемлекеттік қызметкерлерді тұрғын халық саласындағы және дамуындағы мәселелермен таныстырудың табысты болғанын атап көрсетті.
Кездесу қорытындысы бойынша алдағы уақытта Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының аясында халықтың әлеуметтік тұрмысының көкейтесті шешу мәселелері қызметін одан әрі жалғастыру туралы келісілді.