22.01.2015
Отырысқа орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Бас прокуратураның, ҰКП және Кәсіби одақтар федерацияларының басшылары қатысты.
Кеңесте елдің кейбір өңірлеріндегі еңбек қатынастары мәселелері, әлеуметтік шиеленісушілікке жол бермеу және жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша вице-премьер жұмыс орындары мен жұмысшылардың еңбек ақысының қысқаруына жол бермеу, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын сақтау бойынша жұмысты жандандыру, оның ішінде еңбек ақы бойынша қарыздарды өтеу мәселелері жөніндегі ірі кәсіпорындармен меморандумдар жасауға қатысты мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, Б.Сапарбаев жұмыс берушілердің қауіпсіздік және еңбекті қорғау және кәсіпорындарда өнеркәсіптік жарақаттанушылықты болдырмау саласындағы талаптарды сақтау тұрғысынан ескерту-профилактикалық жұмыстарын күшейту маңыздылығын атап өтті.