• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2016 жылдың соңына дейін отандық үш МӨЗ қалпына келтіру мен жаңарту жұмыстарын аяқтау жоспарлануда 17.01.2015

Хабарламада айтылғандай, шараға «ҚазМұнайГаз» АҚ, мемлекеттік орталық органдар жетекшілері мен отандық мұнай өңдеу кәсіпорындары өкілдері қатысты.

Кеңесте ішкі нарықты ашық түсті мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері қаралды, сондай-ақ Павлодар мұнай-химиялық зауыты, Атырау, Шымкент мұнай өңдеуші зауыттарды қайта өндеу және жаңғырту жобаларының іске асырылу барысы жайлы есептер тыңдалды.

ҚР Энергетика министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2014 жылы бұл кәсіпорындарда шамамен 1,9 млн. тонна АИ-92 маркалы бензин және 4,1 млн. тонна дизель отыны өндірілді. АИ-92 маркалы бензинді ішкі тұтыну көлемі 2,9 млн. тоннаны, дизель отыны - 4,9 млн. тоннаны құрады. Мұнай өнімдерінің жетіспейтін көлемі импортталды.

Үш отандық МӨЗ қайта жөндеу мен жаңғыртуды 2016 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл ашық түсті мұнаймен ішкі сұранысты толықтай қамтамасыз етуге, 2017 жылға қарай зауыттардың жиынтық қуатын жылына 18,5 млн. тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бақытжан Сағынтаев бекітілген кестеге сәйкес МӨЗ қайта жөндеу және жаңғырту жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Жобаларды іске асыру барысы ҚР Үкіметінің тұрақты бақылауында.


Back to the list