16.01.2015
Комиссия мақта саласын дамыту мәселелерін қарады. Атап айтар болсақ, мақта өңдеу ұйымдарының өзге қызметтерін жүзеге асыруға салынған тыйымды алып тастау туралы ұсыныс қолдау тапты. Аталмыш шектеу «Мақта саласын дамыту туралы» ҚР Заңымен реттелген.
Сонымен қатар қаржылық мониторинг субъектілерінің тізімін кеңейту мәселесі де қаралды. «Қазіргі таңда, лаңкестікті қаржыландыру мен ақша ағымына қарсы күрес бойынша халықаралық талаптарға сай, Қазақстанда қаржылық қызмет көрсететін барлық тұлғалардың лаңкестікті қаржыландыруы мен заңсыз жолмен алынған табысты заңдастыруға қарсы күрес туралы заңнама талаптарын тарату талап етілуде», - делінген хабарламада.