14.01.2015
Отырысқа орталық және жергілікті атқарушы органдар басшылары, БАҚ қатысты.
Отырыс барысында ҚР заңнамаларын бұзушылық, оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдарды бұзушылық фактілері қаралды.
Сонымен, ҚР-дағы Тілдер туралы заңға сәйкес уақыт бойынша мемлекеттік тілдегі теле-радио бағдарламалар басқа тілдердегі теле-радио бағдарламалардың жиынтық көлемінен кем болмауы тиіс. Алайда, Б.Сапарбаев мониторинг барысында телерадио компаниялары тарапынан бұл талаптарды сақтамау фактілері анықталған, яғни олар белгіленген нормаларды бұзғанын баса айтты.
Премьер-Министрдің орынбасары телерадиокомпаниядан тіл саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын қатаң орындауды талап етіп, алдағы уақытта мұндай бұзушылыққа жол бермеу қажеттігін ескертті. Осыған байланысты вице-премьер мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырмалар берді.