30.12.2014
Премьер-Министрдің ресми сайты хабарлағандай, кеңес барысында ДБ рейтингісіндегі бірнеше көрсеткіштер, оның ішінде «Меншікті тіркеу», «Төлем қабілетсіздігіне рұқсат беру», «Салық салу», «Құрылысқа рұқсат алу» және т.б. бойынша елдің көрсеткіштерін арттыруға қатысты мәселелер кешені талқыланды.
Белгілі болғандай, осы жылдың желтоқсанында ҚР Парламенті кәсіпкерлік қызметке арналған шарттарды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық актілер пакетін қабылдады. Атап айтқанда, кедендік рәсімдеу кезінде құжаттар ұсыну және тауарды кедендік мағлұмдау кезінде сәйкестік сертификатын ұсыну бойынша талаптар алып тасталды. Сондай-ақ, ШОБ субъектілеріне тіркеу алымы және жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін мөрдің болуына қатысты талаптар және басқалары алып тасталды.
Кеңес қорытындысы бойынша Б.Сағынтаев Қазақстанның «Doing Business» рейтингісінде көрсеткіштерді арттыруға бағытталған кәсіпкерлік қызмет шарттарын түбегейлі жақсарту бойынша заңнамалық бастамалар пакетін әзірлеуді тапсырды.