• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Б.Сапарбаев  ҮЕҰ-мен қарым-қатынас орнату  мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берді 25.12.2014

Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, кеңесте Елбасының Қазақстан халқына жолдауы - «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» аясында үкіметтік емес секторды дамыту мүмкіндіктері мен жолдары қарастырылды.

Айта кетерлік жайт, Үкіметтің жұмысы барысында ҮЕҰ-мен жұмыс жасау басымдылық берілген бағыттардың бірі.

Жыл сайын әлеуметтік жобаларға қолдау көрсету артып келеді, ағымдағы жылы 1900 жобаны жүзеге асыру үшін 7 млрд теңге қарастырылды.

Келелі кеңес қорытындысы бойынша Б.Сапарбаев ҮЕҰ-мен қарым-қатынас орнату  мәселелері  мен азаматтық әлеуметтік бастамаларға қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас орнату бойынша үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысына  орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстанның Азаматтық Альянсы мен ҮЕҰ өкілдері қатысты. 


Back to the list