• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Н.Назарбаев: 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары үшін жасағанымыздың бәрі кейіннен елде қалады және пайдаланылатын болады 22.12.2014

«Бір жағынан, осындай ауқымды оқиға арқылы Алматы мен Қазақстанның аты бүкіл әлемге танылғанын қалайсың. Екінші жағынан, жұрт мұндай шығынның қажеті бар ма әлде жоқ па деп ойлайды. Мен бұл туралы көп ойландым. Бірнеше мәселені ескеру керек. Алматыда Олимпиадаға қажетті биік таудағы мұзайдын, шаңғымен секіруге арналған халықаралық кешен, шаңғы-биатлон кешені дайын. 2017 жылғы Универсиадаға арналып, мұз стадионы салынады», - деді сөз басынша Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Елбасы атап өткендей, Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) олимпиаданы екі қалада өткізуге болады деген шешім қабылдады. «Бұл орайда біз Астананы да қосамыз. Ірі нысандардан Олимпиада қалашығының құрылысын салу ғана қалады. Біз онсыз да Алматыда студенттерге арнап жатақхана салғалы отырмыз. Ең көп қаражатты қажет ететін нысан бобслей трассасы болмақшы. Әрине, қаланың инфрақұрылымын кеңейту, экологияны жақсарту үшін де қаржы жұмсауға тура келеді. Шығын шығады, бірақ біреулер айтып жүргендей, ол соншалық қисапсыз шығын болмайды. Бізге шығындалуға тура келеді, алайда ол 30-50 миллиард долларға жете қоймайды. Бұл ретте ХОК бізге 1 миллиард долларға жуық қаражат беруге уәде етіп отыр», - дейді Президент. 

Бұдан бөлек, егер біз Алматыны халықаралық қаржы орталығына айналдырамыз десек, қаланың ЕҚЫҰ саммиті мен қысқы Азиаданы өткізген кездегі Астана секілді танымал болғаны керек.


Back to the list