• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Президент: Біздің халықты ислам дінінің негізін дұрыс түсінуге баулу керек 22.12.2014

«Терроризм, экстремизм деген мәселе ХХ ғасыр мен ХХI ғасырдың басында шықты. Бірақ оны исламға апарып жабыстырудың ешқандай қисыны жоқ. Ислам бейбітшілікті қалайды, ал «ислам терроризмі» деп аталып жүрген нәрсенің діни де, ұлттық та белгісі жоқ. Мәселен, ИГИЛ-ге қазір еуропалықтар – ағылшындар, француздар барып жатыр. Онда Орталық Азия, Түркия, өзге де мемлекеттердің азаматтары бар. Әлдебір қағидаттарға сай біріккен ол адамдар ақша үшін жұмыс істеуде. Мен терроризмді исламға телитін көзқарасты қолдамаймын.

Елбасы атап өткендей, өкінішке қарай, қазір қаражаты жоқ, жұмысқа орналаспаған, жағдайы дұрыс емес, ауру-сырқау адамдарға ақша береді дағы, түрлі жолдармен экстремистік ұйымдарға тартады. Кейбірін отбасымен апарады, кері  қайтайын десе, әйелдерін жібермейді, балаларын жібермейді.

«Халыққа айтатыным, жастарға айтатыным – ондай жаман пиғылдан, болашағы жоқ пиғылдан аулақ болу керек. Біздің халықты ислам дінінің негізін дұрыс түсінуге баулу керек. Ол үшін сауатты молдаларымыз болуы керек. Қазір оларды оқытып жатырмыз. Құранда «Бір жазықсыз адамды өлтірсең, бүкіл адамзатты өлтіргенмен бірдей» деген сөз бар. Сондықтан, терроризмді жалпы адамзаттың жауы деп санау керек», - деді Елбасы.

 

 

 


Back to the list