• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Н.Назарбаев: Қазақстан тұрақтылығының маңызды атрибуты - Қазақстан халқы Ассамблеясы 22.12.2014

«Қазақстан 20 жылда теңдессіз жетістікке жетті. Экономика 16 есеге өсті, халықтың табысы 17 есеге артты. Бұл біздің қолымыздан келді, біз жұмыс үдерісінде болдық, бәрін өмірге енгіздік. Ал бұның бәрі тек бейбіт дамыған елде ғана орын алатыны белгілі»,  - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Президенттің айтуынша, 1995 жылы, сонау алмағайып жылдарда ешқандай дайын жол да болмай, бағдар да айқындалмаған еді. Кеңес Одағы құлады, халық енді не боларын ұқпады. Бұл кезеңде түрлі этностардың, ұлттардың алаңдаушылығы туды. Ал Қазақстан көпұлтты мемлекет жағдайында тәуелсіздігін жариялаған ел. Ендеше, сол ұлттардың ұлттылығы, тілі, діні не болатындығы түсініксіз еді. Міне, сол тұста ҚР Президенті жанындағы Кеңесші орган ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясы дүниеге келді. Бұл - еліміздегі барлық ұлттардың мінбері.

Барлық облыстарды шағын Ассамблеялар құрылды және шағын мәдени орталықтар жұмыс істеді. «Мен  төрағалық ететін Ассамблея бүгінгі таңда конституциялық мәртебеге ие. Ол 9 депутатты Ассамблея атынан Парламентке жібереді. Бірде бір заң немесе келісім, оларға енгізілетін қосылшалар мен өзгертулер Қазақстанда олардың қатысуысыз қабылданбауы тиіс», - деп баса айтты Президент.

«Бұны Парламенттегі Ассамблеяның «дауысы» десек те болады. Заңдарды қабылдау барысында еліміздегі азаматтардың құқығы бұзылмауы керек. Қазір Ассамблея этникалық азшылықтарды ғана емес, барша халықты біріктіріп отыр. Ол арқылы біз ұлттардың барлық проблемаларын біліп отырамыз. Сондықтан да, Қазақстан халқы Ассамблеясы - бұл барлық этникалық азшылықтарды, барлық діни конфессияларды біріктіретін,  мемлекеттің маңызды органы. Мен Қазақстан тұрақтылығының маңызды атрибуты - Қазақстан халқы Ассамблеясы деп санаймын, бұны барша халық қолдауы керек», - деді Ұлт көшбасшысы. 


Back to the list