20.12.2014
«Кеше Үкімет отырысында 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының қызмет саласын дамыту бағдарламасының жобасы қаралды. 2050 жылға қарсы 30 дамыған елдің қатарына ену үшін қызмет көрсету саласы 2020 жылға қарсы 1,7 есеге өсіп, ұлттық экономиканың негізгі саласына айналуы керек. 2020 жылға қарсы ЖІӨ қызмет көрсету саласының салымы 200 млрд АҚШ долларын құрайды деп күтілуде», - деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстанда соңғы 20 жыл ішінде қызмет көрсету саласы өндірістік саланы 3 пайызға озып, ЖІӨ 54,2 пайызын құрады.
Сондай-ақ, ҰЭМ вице-министрі атап өткендей, қызмет көрсету саласының үлесі бүгінгі таңдағы ЖІӨ үлесіне қосқан индустрия, машина жасау, ауыл шаруашылығы, табғи қаз байлықтарын қолдану саласы қосқан салыммен бірдей.
«Экономикаға ең үлкен табысты сауда саласы әкеледі. Ол орташа есеппен жылына 8 пайызға өседі. Бүгінгі таңда оның жеделдеуіне қаржы секторы, туризм, кәсіптік сала, жылжымайтын мүлік, денсаулық сақтау және білім беру саласынан күтуге болады», - деді ол.
«Сараптама негізінде 9 саланың бесеуіне жылдамдату серпіні қажет. Бұл қаржы саласы, көлік және логистика, кәсіптік қызмет, білім беру және денсаулық сақтау салалары», - деді ҰЭМ вице-министрі.
Индира Қауметова