20.12.2014
«Биылғы жылы Қазақстан экономикасы сыртқы факторлардың теріс ықпалымен дамыды. Бірақ, сонымен бірге, Ұлттық экономика министрлігінің алдын ала бағалауы бойынша жиынтық сұраныстың сақталуы есебінен 2014 жылғы қаңтар-қарашада жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,2% құрады. Тауарлар өндірісінің нақты көлемінің индексі 100,2% деңгейінде қалыптасты, көрсетілетін қызметтер өндірісінің нақты көлемінің индексі 106 % құрады», - деді М.Әбілқасымова.
Вице-министр атап өткендей, жыл басынан бері инфляция 6,9%-ды құрады. «Бұл азық-түлік емес тауарлар бағасының 7,8% өсуі есебінен, 2013 жылғы осы кезеңімен салыстырғанда, 2,8 пайыздық тармаққа жоғары. Азық-түлік тауарларының бағасы 6,9%-ға, ақылы көрсетілетін қызметтер 6,1%-ға өсті», - деп толықтырды ол.
Вице-министр атап өткендей, 10 айда тауар экспорты 4,9%-ға қысқарды. Мұнай өнімдері, жеңіл автомобильдер мен қосалқы бөлшектер, жиһаз, кондитерлік бұйымдар импортының төмендеуі есебінен тауарлар импорты 14,5%-ға қысқарған.«Осылайша, сыртқы сауда айналымы 2013 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 8,3%-ға қысқарды. Өңдеу өнеркәсібінің нақты көлемі индексінің 0,7% ұлғаюы есебінен өнеркәсіпте 0,1%-ға өсу байқалып отыр. Бұл ретте тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 0,4%-ға төмендеді», - деді ұлттық экономика вице-министрі.
Индира Қауметова