20.12.2014
«2015 жылдың 1 сәуірінен бастап табиғи монополиялар субъектілерін есепке ала отырып, инвестициялық бағдарламалар мен бағдарламаның талаптарына орай көшу кезеңі басталады», - деді М.Құсайынов.
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі атап өткендей, бағдарлама реттеу нарықтары мен табиғи монополиялар туралы заңнаманы либерализациялауды қарастырады. Сондай-ақ, ЕҚДБ-мен бірігіп тарифті қалыптастыруда жаңа әдістерді енгізу қарастырған.
М.Құсайынов атап өткендей, ұзақмерзімді инвестициялық тарифке өту үшін 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап құқықтық нормативті базаның қалыптасуы аяқталады. Ұзақмерзімді инвестициялық тариф берілетін субъектілер таңдалатын болады.
«Іріктеудің басты мақсаты – субъектілердің сапалы түрде инвестициялық бағдарламаларды дайындау. Субъектілерді таңдауда қаржы ұйымдарымен белсенді қарым-қатынас орнатқан субъектілер басымдыққа ие болады», - деді ол.
Сондай-ақ, Ұлттық экономика бірінші вице-министрі атап өткендей, ТКШ жаңғырту бойынша 2015-2016 жылдары жүзеге асқан жобалар басымдылыққа ие болады.
Бағдарлама тарифтердің тұрақтылығы мен болжауға болатындығын қамтамасыз етеді.
Индира Қауметова