• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда  2020 жылға дейінгі  табиғи монополиялар саласындағы тарифтік саясат жобасы мақұлданды 20.12.2014

«Кеше Үкімет отырысында 2020 жылға дейінгі  табиғи монополиялар саласындағы тарифтік саясат жобасы  қаралып, мақұлданды.Бағдарламаның негізгі бағыты табиғи монополиялар субъекті қызметін тиімділету және реттеу», - деді М.Құсайынов.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін табиғи монополиялар субъектілерінің тарифін қалыптастыру әдісін өзгерту және коммерцияландыру қарастырылып отыр. Сондай-ақ, Қазақстан халқы мен инвесторларға қолайлы болуы үшін ұзақмерзімді тарифті бекіту қарастырылған.

«Бағдарламаны жүзеге асыру мына негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады – бұл бірінші кезекте ұзақмерзімді реттеуге көшу, ол табиғи монополиялар субъектісі қызметтеріне инвесторлардың кем дегенде 5 жылдық ұзақмерзімді тарифі арқылы жүзеге асады»,  - деді ол.

М.Құсайынов атап өткендей, бағдарламаның негізгі мақсаты – табиғи монополиялар саласын коммерциялық әлеуетін арттыру.

Индира Қауметова 


Back to the list