• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мембюджеттің қысқаруы әлеуметтік шығындарға әсер етпейді - Елбасы 15.12.2014

«Құрметті қазақстандықтар қазір оңай емес кезеңдерді бастан кешірудеміз. Бүгінде әлемнің барлық елдері мен халықтары үшін оңай емес. Әлем нарықтары көмірсутегі, металл, басқа да өнімдерге бағаны төмендету арқылы әрекет етуде, ол өз кезегінде экспорттау мен қаржы табудың негізгі тетігі болып табылады. Бізге де оңай соқпасы анық, себебі біз әлемдік экономиканың бір бөлшегі болып табыламыз және осыны барлығымыз назардан шығармағанымыз жөн. Мұның бәрі бізді бекітіліп қойған бюджетті қысқарту қадамдарына баруға мәжбүрлеп отыр», - деді Н.Назарбаев. 

«Бірақ, Мембюджеттің  қысқаруы  – мұның әлеуметтік шығындарға еш қатысы болмайды. Өздеріңіз білетіндей, мен үкіметке мемлекеттің халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттерін орындау бойынша тиісті тапсырмаларды беріп қойдым», - деді  Қазақстан Президенті.  

Бүгінде Үкімет пен Ұлттық банк алдында тағы екі маңызды міндет тұр, экономиканы долларсыздандыру және инфляциялық нысаналау жүргізу.

«Олар «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының құрамына енуі керек. Дағдарыс өтеді, қиындықты өткергеннен кейін бұрын жүргізген саясатқа қайта ораламыз, барлық бағыт бойынша қалпына келтіру жұмыстарын жүргіземіз. Дағдарыстар ұзаққа созылмайды. Біз шаралар қабылдап, дағдарыс кезінде жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру үшін жыл сайын 3 млрд доллар бөлуді қарастырып қойдық», - деді Мемлекет басшысы. 

Камила Амирова 


Back to the list