• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
К.Мәсімов ШЫҰ ҮБК отырысы қарсаңында Халықаралық мәдени форум делегацияларының басшыларымен кездесті 09.12.2014

Кездесу барысында ШЫҰ аясындағы жан-жақты мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды. Кәрім Мәсімов келесі аптада Астанада өтетін ШЫҰ мүше мемлекеттерінің Үкіметтері басшылары Кеңесінің отырысы қарсаңында Халықаралық мәдени форумды өткізудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлады Пемьер-Министрдің ресми сайты.

«ШЫҰ экономикалық қана емес, сондай-ақ мәдени ынтымақтастық деп есептеймін. Кез-келген ұйымда рухани жасаушы болмаса, ол ұйым өмір сүруге қабілетті емес», - деп баса айтты ҚР Премьер-Министрі.

Жібек жолы Халықаралық мәдени форумы алғаш рет өткізілуде және ол халықаралық мәдени байланыстардың мемлекеттік емес тұғырнамасы болып табылады. Оған ірі мұражайлар мен театрлар басшылары, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері, саясаткерлер, халықаралық ұйымдар өкілдері және ШЫҰ мүше мемлекеттерден келген кәсіпкерлер қатысады.

 


Back to the list