09.12.2014
Энергетика министрі В.Школьник бензиннің кейбір маркаларына шектік-бөлшек бағаларды өзгерту туралы мәлімдеді.
«Қазір мұнайдың әлемдік құны қатты өзгеріп жатқаны мәлім. Осыған байланысты энергетика министрлігі мен ұлттық экономика министрлігі алдағы кезеңге шектік-бөлшек бағалардың алдын ала есебін дайындады. АИ-92, АИ-93 маркалы бензиннің жаңа бағасын бекіту туралы бұйрыққа қол қойылады, ол бір литрге 115 теңгені құрайды. АИ-80 маркалы бензиннің бағасы бұрынғы бір литрге 89 теңге деңгейінде қалады», - деді В.Школьник.
Министр облыс әкімдеріне «қазіргі бар мұнай өнімдерін үздіксіз өткізу тұрғысынан нарықты тұрақтандыру бойынша бірқатар шаралар қолдану» туралы өтінішін айтты.
Оған қоса, министр «қазақстандық АЖҚС-да мұнай өнімдері құнын ресейлікке байлауды жүзеге асыруды» негізді деп есептейді.
В.Школьниктің пікірінше, «бұл отандық нарықты тұрақтандыру үшін және алыпсатарлық пен тұрақсыздыққа жол бермеу үшін аса маңызды».
«Бұл ресейлік тауар өндірушілерінің бензин мен дизельдік отынға бағалары өзгерген жағдайда Қазақстанда шектік-бөлшек бағалар деңгейі бойынша жедел шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Мұндай жеделдік біздің экономикамыз үшін екі маңызды міндетті шешуге мүмкіндік береді. Біріншісі - ЖЖМ Қазақстаннан РФ-на ағымын тоқтату, екіншісі - қажетті импортты сақтау мақсатымен шектік-бөлшек бағалардың тиімді деңгейін қалыптастыру», - деп түйіндеді министр.