11.11.2014
«Сіздің тапсырмаңыз бойынша электронды декларациялауға өту бойынша ауқымды жұмыс атқардық. 2014 жылы салықтық декларацияның 94%-ы электронды түрде берілді, осы жағынан Қазақстан АҚШ-тан да озып кетті», - дейді Ерғожин.
Сонымен қатар, оның айтуынша, биылғы жылдың тек 9 айында 17 млн электронды түрде қызмет көрсетілген. Бұл жалпы көрсеткіштің 75 пайызына тең. Бұл жағынан Қазақстан Еуропалық Одақтың кей елдерінен де асып кетті.
Бұдан бөлек, комитет төрағасының мәлімдеуінше, биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап кәсіпкерлік шығынын азайтып, сыбайластықтың алдын алатын электронды есеп фактурасын енгізу жүйесі ерікті түрде іске қосыла бастады.
Оның айтуынша, осы арқылы республика бойынша сыбайластық жемқорлық әрекеттеріне шектеу қойылмақ.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.
Индира Қауметова