11.11.2014
«Сайлау алды платформаның негізгі міндеті экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету. Осы ретте, әлемдегі қиын геосаяси және экономикалық жағдайда еліміздің ЖІӨ 10 айда 4%-ға артты, ал инфляция дәлізі - 6-8% аралығында қалды. Мемлекеттің халықтық активтері алдын-ала толығуда», - деді Б. Сағынтаев.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Ұлттық қордың қаржысы ЖІӨ-нің 34,7% құрады, осылайша платформа бекіткен 2013 жылы 30% болуы тиіс деген көрсеткіштен асып түсті.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтуде. Отырыс барысында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» Сайлауалды тұғырнамасы міндеттерінің орындалуы мәселесі, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын қарастыру жоспарланған. Келелі кеңеске 200-дей адам қатысуда. Оладың ішінде Үкіметтің, Парламенттің, Президент Әкімшілігінің басшылығы, «Нұр Отанның» Мәжілістегі Фракциясының депутаттары, Жоғарғы Соттың, Ұлттық Банктің, Есеп комитетінің төрағалары, Бас прокурор, министрлер, облыстық филиалдардың басшылары - облыс әкімдері, сонымен қатар партияның облыстық мәслихаттардағы фракцияларының депутаттары бар.
Индира Қауметова