07.11.2014
Жамбыл облысының әкімдігі мен «Қазфосфат» және «Кәсіпқор» холдингінің «Бірлескен химия компаниясы» және ҰКП, Инновациялық даму министрлігі, өзге де тиісті органдардың қатысуымен келісім тобын құру қажеттілігін айтты. Олардың басты мақсаты Жамбыл облысын химия жобаларымен қамтамасыз етудің бірыңғай әдістерін дайындау болмақ.
«Топ аясында сұранысқа ие мамандар, қажетті мамандар саны, оларды дайындау формасы, қауіпті өндіріс түрлерін ескере отырып дуалды оқыту жүйесін енгізу, оқу орындарына қойылатын талаптар мен сертификаттау деңгейлерінің талаптарын анықтау қажет. Одан кейін жоғарыдағы талаптарға жауап беретін өңірдің оқу орындарын анықтау керек», - деді Әбдіқалықова.