04.11.2014
«Экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша 2014 жылдың соңына дейін қолға алынатын шаралар жоспарымен мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, тау-кен және өңдеуші өнеркәсіп салаларында өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталған шаралар, сонымен бірге ШОБ қолдау, халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық деңгейінің өсуін болдырмау шаралары қамтылды», - делінген хабарламада.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, республиканың энергия жүйесі штаттық режимде жұмыс істейді. Тұтынушылардың электрді тұрақты түрде тұтынатыны байқалып отыр. 76,5 млрд. кВтс электр энергиясы өндірілді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,5 пайызға көбірек. Қараша айының басына отын қоймаларында 4,1 млн. тонна көмір мен 120 мың тонна мазут жиналған. Сондай-ақ күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша облыс әкімдерінің орынбасарларының баяндамалары тыңдалды.
Талқылау қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік органдар мен облыстық әкімдіктердің басшыларына экономикалық өсімді қамтамасыз ету, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтау және жылыту маусымы үзіліссіз жүруі үшін энергия кәсіпорынды отынмен қамтамасыз ету бойынша шаралар Жоспарының барлық пункттерін уақытылы орындауға қатысты қажетті шараларды қолға алуды тапсырды.