01.11.2014
«Жастарды даярлауға және еңбекпен қамтуға баса назар аударылады. Бұл – білім беру және халықты жұмыспен қамту сферасындағы басымдықтардың бірі. Кімді және қалай даярлайтынымызды білуіміз керек», - деді Г.Әбдіқалықова.
Вице-премьер бастапқы кезеңде Комиссия бірқатар ЖОО-дарының қызметін қарағанын, проблемалық мәселелер анықталғанын және сәйкеспеушіліктерді жою бойынша ескертулер жасалғанын атап өтті. Одан әрі Комиссия түлектердің еңбек нарығында қаншалықты сұранысқа ие екенін, дайын мамандар алған білімдеріне сәйкес өздерін қаншалықты жүзеге асыра алатынын анықтайды.
«Комиссия студенттерді еңбекпен қамту қазіргі уақытта орта есеппен алғанда 60%-дан төмен екенін, ал жеке ЖОО-дарының есептілігі түлектердің 84%-ы еңбекпен қамтылғанын көрсеткенін анықтады. Еңбекпен қамту деңгейі неге төмен екенін және нақты көріністі талдауымыз керек», - деп басып айтты Гүлшара Әбдіқалықова.
Комиссия ЖОО-дарының білім беру стандарттарына сәйкестігіне, түлектердің сұранысқа ие болуына, ғылыми-зерттеу жұмыстарына инвестицияларға және материалдық-техникалық базаға қатысты қызметін зерттеді.
ҚР БҒМ мәліметінше, елімізде мамандарды қайта шығару мен гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми бағдардағы мамандарды қайта шығару байқалуда. Барлық мамандықтардың 61% қайталанады. Кадрлардағы өңірлік талаптардың әлсіз есебі, сырттай оқу үлгісі еңбек нарығында сұранысқа ие емес мамандарды даярлаудың тым көптігіне алып келеді.
Сонымен қатар, ЖОО-дарының саны тым көтеріңкі деп бағаланады. Оған қоса, отандық ЖОО-дары білім берудің жоғары сапасын әзірге көрсете алмай отыр.
Келесі жылдың соңына дейін Комиссия республиканың бірқатар ЖОО-дарын дамытудың стратегиялық бағдарламасын қарауды жоспарлап отыр. Индустриаландыру картасына, өңірлердің әлеуметтік даму бағдарламаларына, кадрлардың сұранысқа иелігіне және мамандарды даярлау бағыттарына сәйкес ЖОО-дарын ірілендіру немесе оларды өңірлік мамандандыруды есепке ала отырып, колледжерге түрлендіру бойынша ұсыныстар әзірлеу күтілуде.