23.10.2014
«Екі ел үкіметтері арасындағы келіссөздердің басталғанына 10 жыл болды, міне, 10 жылдан кейін инвеситициялар туралы келісімге қол қойылады. Бұл – екі ел үшін де өте маңызды оқиға.»,-дейді Премьер-министр.
Оның айтуынша, жапониялық инвесторларды қолдау жөніндегі келісім жапондық компанияларға қосымша кепілдік беріп, Қазақстанға кедергісіз инвестиция құюға мүмкіндік береді
«Тағы бір айта кетерлік жағдай, биыл жазда Елбасы бірқатар елдің азаматтарын Қазақстанға кіру үшін визадан босату туралы шешім қабылдаған, сол елдердің бірі – Жапония. Менің ойымша, бүгін елімізге келіп отырған делегаттар бұның пайдасын көріп отыр. Қажет болса, Жапонияның кез келген азаматы, турист болсын, кәсіпкер болсын, ешқандай кедергісіз Қазақстанға қонаққа келе алады», - деді Премьер-министр.
Айта кетерлігі, бүгінгі шараға 200 делегат қатысуда, оның ішінде 40 жапондық компания бар, атап өтер болсақ, JTI, Mitsubishi, Toshiba и Toyota. Олар инвестиция тарту, инновациялық технологиялар, туризмді дамыту мәселелерін талқылайды.
Индира Кауметова