16.10.2014
«Үкімет бизнес-қауымдастықпен бірлесіп республикалық бюджет жұмыстарын аяқтау бойынша есеп комитетінің ұсыныстарын есепке ала отырып салық жеңілдіктері мен бағасы бойынша жұмысты аяқтады. Өткізілген тексеріс бойынша салықтық жеңілдіктерді 200 млрд теңгеге қысқарту ұсынылды», - деді вице-министр.
«Сондай-ақ, ауыл шаруашылық өндірушілері үшін арнайы салық тәртібі бойынша салықты 70 пайызға қысқарту көзделген; инвестициялық және стратегиялық жобалар үшін мүлік салығынан босату да қарастырылған. Қазақстан даму банкінің жұмыс істемей тұрған активтерін Қазақстанның инвестициялық қорына өткізуде жеңілдіктер қарастырылмайды», - деді ол.
Ұлттық экономикада хабарлағандай, Қазақстанда барлық 281 салық жеңілдігінің 118 стандартты, 163 стандартты емес. Тексеріс стандартты емес жеңілдіктер бойынша жүргізілді.
Вице-министр атап өткендей, қазіргі таңда салық салу бойынша заң жобасы Мәжіліс қарауында жатыр.
«Біз жеңіл салық саясатын қалыптастыру жұмысын одан әрі жалғастырамыз, ол бизнесті қолдауға, бизнес-ортаның жақсаруына, инвесторлар жағдайының дамуына, экономиканың индустриялануына, ЕАЭО тауар өндірушілерінің бәсекелестігін арттыруға, ДСҰ –ға енуін қарастыруға бағытталған заң жобасы», - деді М.Құсайынов.
Камила Амирова