15.10.2014
Нақты айтқанда, Үкімет мүшелері мүлікті заңдастыруға, квазимемлекеттік сектор нысандарын жекешелендірудің екінші толқынына, Ұлттық қордан ШОБ қолдауға бөлінген 100 млрд теңге игеруге, сондай-ақ «Агробизнес-2020» және Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламаларын жүзеге асыру барысына қатысты мәселелерді талқылады.
Аталған тақырыптар бойынша келесі министрлер баяндама жасады: қаржы министрі – Б.Сұлтанов, ұлттық экономика министрі – Е.Досаев, инвестиция мен даму министрі – Ә.Исекешев, ауыл шаруашылығы министрі – А.Мамытбеков, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі – Т.Дүйсенова. Сонымен бірге, ұлттық экономика министрлігінің басшысы 2014 жылдың 9 айы бойынша «Ақ Бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру қорытындылары туралы баяндады.
Е.Досаев хабарлағандай, «Ақ Бұлақ» бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыруға 2014 жылы 112,8 млрд теңге қарастырылған, олардың ішінде ауылдар мен қалада сумен жабдықтауды және су бөлуді дамытуға 91,8 млрд теңге бөлінген».
«2014 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдар 63,64 млрд теңгені немесе есептік кезеңнің жоспарын 97,9% игерді. Игермеудің басты себебі конкурстық процедуралардың кеш өткізілуі болып табылады, бұл жұмыс өнімділігі кестесінен қалуға және нысандарды пайдалануға беру мерзімдерінің орындалмауы қаупіне алып келді», - деп түсіндірді министр.
«Ақ Бұлақ» бағдарламасы «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» бағдарламасына (2015 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), ықпалдастырылғанын ескере отырып, Е.Досаев оны жүзеге асыруға өңірлік басымдықтар принципін жүзеге асыруға пайдалану қажеттігін атап өтті.
Отырыс барысында 2015-2019 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Іс-шаралар жоспары бекітілді.