10.10.2014
«Шығарылым мөлшерлемесі 3,875%, өтеу мерзімі 2014 жыл болатын 1,5 млрд. АҚШ доллары сомасында және мөлшерлемесі 4,875%, өтеу мерзімі 2044 жыл болатын 1,0 млрд. АҚШ доллары сомасындағы облигациялардан тұрады. Бұл шығарылымға Moody's шәкілі бойынша Baa2 және S&P мен Fitch шәкілі бойынша BBB+ рейтингі берілді», - деп хабарлады Қаржы министрлігі.
Шығарылымның ұйымдастырушылары ретінде Citi, HSBC және JP Morgan қатысты. Жасалған мәміледен қаражаттың республикалық бюджетке 2014 жылдың 14 қазанында түсуі күтіліп отыр. Тартылған қаражат республикалық бюджеттегі қаржы тапшылығын жабуға жұмсалады.
Шығарылым туралы мәміле 2014 жылдың 24 қыркүйегіндегі 10 млрд. АҚШ доллары сомасындағы Орта мерзімді ноталар бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды. Орналастырудың алдында осы жылдың 29 қыркүйегі мен 3 қазаны аралығында Лондон, Нью-Йорк, Бостон, Сан-Фрациско және Лос-Аеджелес қалаларында ҚР Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері мен ҚР Ұлттық Банкісі өкілдері тобының роудшоуы өтті. 70-тен аса компаниялармен 30-дың шамасында кездесулер өткізілді.