09.10.2014
«Биыл мұнай өнімдерінің бағасы өспейді. Егер рубльге қатысты деректерді алға тартатын болсақ, онда, әрине, әсер етпей қоймайды, дегенмен біз жағдайды бақылауда ұстайтын боламыз. Биылғы ЖІӨ өсімі қайта қаралуда. Өйткені еліміздің жалпы ішкі өніміндегі мұнай-газ саласының үлес салмағы 70 пайыз шамасында. Бұл өте ауқымды көрсеткіш. Осыған орай баға өзгеруіне байланысты ЖІӨ көлемі де өзгермей қоймайды. Біздің шектеп қойған баға ауытқу дәлізі бойынша орташа жылдық көрсеткіш 95 доллар шамасында, ол сақталады, ал тамызда бағаның құлдырауының өзінде 107,7 болып, 2015-2017 жылдарға байланысты көрсеткіштер өзгереді», - деді ол.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, рубль курсының өзгеруі белгілі бір деңгейде Қазақстанның жалпы экономикасына әсер етіп, 9 айдың қорытындысы 15 қазанға қарай дайын болады.
«Біз қазір мұнайдың барреліне 91,2 доллар болуына алып келетін үрдістерді көріп отырмыз. Рубль курсының өзгеруі тарихи шектен асып, 40-қа жетіп, кеше 39,9-ға тоқтады. Әрине, ол жалпы Қазақстан экономикасына әсер етпей қоймайды. Үкімет қазір жоспарларды қарастырып жатыр. 15 қазанда 9 айдың қорытындысы шығады. Содан кейін біз тиісті шешімдерді қабылдаймыз. Ал инфляцияға келер бослақ, біз 6-8 пайыз аралығындағы дәлізден шығып кетуіміз мүмкін», - дейді ол.
Оның мәліметінше, ешкім де бір айлық болжамды жасай алмайды, өйткені жағдай күн сайын өзгеріп жатыр.
«Сол себепті бүгін жұмыстар жасалынып жатыр. Тоғыз айдың қорытыныдысына қарап біз тиісті шешімдерді қабылдаймыз», - деді Е.Досаев.
Индира Қауметова