• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Зияткерлік меншік саласында заңнама бойынша барлық жағдай жасалған – Әділет министрлігі 07.10.2014

«Айта кету керек, зияткерлік меншік саласында заңнама бойынша барлық жағдай жасалған. Барлық базалық халықаралық келісімдер, әсіресе, Қазақстан мүшесі болып есептелетін Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы аясындағы құжаттар, яғни 19 халықаралық шарттың барлығы ратификацияланып, негізгі ережелері заңнамаға енгізілген», - деді ол.

Сонымен қатар, Э.Әзімованың айтуынша, отырыста Жоғарғы сотқа қатысты сот істерін қарау бойынша бірыңғай сот тәжірибесін енгізу туралы ұсыныс айтылды.  

«Атап айтар болсақ,  Жоғарғы сотқа қатысты сот істерін қарау бойынша бірыңғай сот тәжірибесін енгізу айтылып, ведомстволық ұйымдарды бақылау мен мониторинг жасау қажеттілігі тілге тиек етілді», - дейді министр орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Үкімет отырысында Әділет министрлігі мен өзгеде тиісті мемлекеттік органдардың зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау туралы есебі тыңдалды. Биылғы жылдың маусым-шілде айларында Үкімет отырысында ғаламтор қарақшылығының алдын алу мен анықтау мәселелері, мемлекеттік сатып алу мен лицензияланбаған бағдарламалық өнімдерді қолдану, жалған дәрі-дәрмек айналымы мен өзге де контрафактілік шаралар қаралды.

Жалпы, Үкімет отырысының қорытындысы бойынша зияткерлік меншік құқығын қорғау мемлекеттік органдардың барлығының көз алдында жүзеге асырылуы керектігі айтылды. Өйткені зияткерлік өнімді пайдалануға құқық сұрамайтын ешқандай да саланың болмайтыны анық.

Индира Қауметова


Back to the list