• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Үкіметте ЕЭА дамыту туралы заң жобасы таныстырылды – ИДМ 03.10.2014

«Бұл құжатта бірнеше тұжырымдамалық өзгерістер бар. Біріншіден, ЕЭА-тың салалық бағыттылығына бақылау жасау функциясы Үкіметке бекітіледі деп межеленген. Қазіргі уақытта ЕЭА-қа байланысты барлық шешімдер Президенттің Жарлығы және Салық кодексі негізінде қабылданатын болғандықтан, бұл заңға енгізілетін түзетулер жаңа қызмет түрі мен ЕАЭ жобаларына рұқсат беру үрдісін едәуір қысқартады. Бұның сыртында, ЕЭА қатысушыларына ӨБК-ге (Өнімді бөлісу туралы келісім)  қатысушыларға өздері шығаратын тауарларды салықсыз сатылуын ұйымдастыру ұсынылады. Бұл шараның Кеден Одағы (КО) және Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) нормаларына қайшылығы жоқ. Бұл шара ЕЭА-қа орасан нарық ашатын болады», - деді.

Сонымен қатар, заң жобасындағы ережелерге сәйкес, басқарушы компанияның мүлкіне салынатын салықтың мөлшері 0,1%-ға дейін қысқарады. Бұл ЕЭА-тың инфрақұрылымын басқарушы компаниялардың өзіне мүмкіндік береді де болашақта ЕЭА өзін-өзі қамтамасыз етуге көше алатын болады. Бұл «бір терезе» қағидасына сәйкес ЕЭА-та инвесторларға қызмет түрінің барлығын көрсететін ЕЭА-ның басқарушы компанияларын институционалды нығайтуға мүмкіндік береді.

Заңнама тұрақтылығын орнату, отандық ЕЭА алға бастыру мен дамыту жөніндегі Бірыңғай үйлестіру орталығын құру бөлігінде түзетулер және инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірқатар нормалар ұсынылды.

Келесі жылы ЕЭА-ға басқарудың және ЕЭА инвесторларына қызмет көрсету әлемдік стандарттары енгізіледі – ұйымдық құрылым, барлық бинес-процесстер, «бір терезе» қағидасы және тағы басқалар.

Барлық түзетулер мүдделі мемлекеттік органдармен алдын ала келісілгендігі белгілі. Заң жобасы Парламентке 2014 жылғы 1 желтоқсанда енгізіледі деп күтілуде.

Индира Қауметова


Back to the list