• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2015 жылдың 1 маусымында ҰЭМ жерді инвентаризациялау бойынша Үкіметке есеп береді 03.10.2014

Үкімет отырысында министрлер кабинеті Қазақстандағы жерді инвентаризаициялау мәселесін қарады.

«Пайдаланылмай жатқан шамамен 5 млн гектар жер телімі анықталған. 1,7 гектар жер мемлекеттік мүлікке қайтарылса,  2,1 гектар жер пайдаланыла басталды. Олардан бөлек 500 мың гектар жердің тағдыры сотта қаралып жатыр», - дейді Қ.Өскенбаев.

Оның айтуынша, пайдаланылмай жатқан жерлердің 80 пайызы жайылымдық мақсатта алынған жерлер. Соның ішінде пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлердің игерілмеу себебі судың жоқтығы, - деді вице-министр.

ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі, өз кезегінде фермерлер жұмысын ынталандыру шараларын ұсынды.

«Егер фермерлер жайылымға су тартумен айналысса, онда аталмыш жерлердің 80 пайызына субсидия беріледі. Бұл шаруаларды ынталандырудың ең тиімді шараларының бірі. Егер жер иелері жайылымға суды өздері тартса, қажетті қаражаттың 50 пайызына субсидия беріледі», - дейді.

Сонымен қатар Үкімет отырысында жерді орынды пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізу мәселесін талқыланды.

«Инвентаризация қорытындысы бойынша, 2015 жылдың 1 маусымында ҰЭМ жерді инвентаризациялау бойынша Мемлекет басшысының атына Үкіметке есеп береді», - деді вице-министр.

Камила Амирова


Back to the list