• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қостанай облысының ауылдық жерлерінде 1100-ден астам  жұмыс орны ашылады – Г.Әбдіқалықова 02.10.2014

Вице-премьер атап өткендей, өңірде  жұмыспен қамту үлесі өсуде.

«Жыл басынан бері «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру аясында Қостанай облысында 7620 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 6 394 адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды. Бағдарлама аясында жыл соңына дейін ауылды жерлерде қосымша 1 182 жұмыс орны құрылады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамту бойынша Қостанай облысы жақсы көрсеткішке қол жеткізіп отырған аймақтардың бірі: 2014 жылдың сегіз айы ішінде 567 адам жұмысқа орналастырылған», - деді Г.Әбдіқалықова.  

Қостанай өңірінде еңбек күштері тапшы болғандықтан, бағдарлама аясында оқытудан өткен азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты күшейту қажеттігі атап өтілді.

 


Back to the list