22.09.2014
«Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, оның ішінде мұнай өңдеу, мұнай химиясы, машина жасау, азық-түлік өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелерін талқылады», - деп хабарлады ресми сайт.
Сондай-ақ, білім беру және гуманитарлық салаларда қазақстандық-татарстандық өзара іс-қимылдың айтарлықтай әлеуеті байқалған.
Айта кетейік, 2013 жылы Қазақстан Республикасы мен Татарстан Республикасының арасындағы екі жақты сыртқы сауда айналымы 594,8 млн. АҚШ долларын құрады. 2014 ж. 1 қаңтарына Татарстанда қазақстандық капиталдың қатысуымен 30 кәсіпорын тіркелген.