16.09.2014
«Мемлекет басшының тапсырмасына сәйкес, осыған дейін рұқсат пен лицензия беру, яғни 2011, 2012 жылдары 30 пайызға қысқартылды. 2014 жылдың 16 мамырында ескертулер мен рұқсат беру туралы заңда рұқсат берудің бірыңғай тізімі бекітілді. Ол 708 рұқсат пен 209 ескертуден тұрады», - деді М. Құсайынов.
Бүгін Үкіметтің рұқсат беруді қысқарту бойынша жұмыстарды атқара беретіні шешілді.
«2015 жылдың бірінші тоқсанында жаңа заң жобасы дайындалады, ол рұқсат беруді 50 пайызға дейін қысқартуды қарастырған», - деді ол.
Сондай-ақ, вице-министрдің айтуынша, рұқсат беру туралы заң қарым-қатынастың талдау механизмін қарастырады.