• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2015 жылы рұқсат қағаздарын тағы 50%-ға қысқартатын заң жобасы әзірленеді – Құсайынов 16.09.2014

 «2015 жылдың бірінші маусымында рұқсат қағаздарын тағы 50%-ға қысқартуды қарастыратын заң жобасы әзірленеді. Сонымен қатар, бүгін Үкіметте құрылысқа рұқсат беруді қысқарту мәселесі қаралды», - дейді вице-министр.

Оның айтуынша, Үкімет рұқсаттама санын қысқарту мен азайту жұмыстарын жалғастыра түспек.

«Жыл соңына дейін «Өзін-өзі реттейтін ұйымдар туралы» заң жобасы әзірленбек. Тиісінше осы ұйымдар құрылатын салаларда қосымша тағы да рұқсаттар қысқартылатын болады», - дейді М.Құсайынов.

Айта кету керек, Үкіметте инвестициялық климатты жақсарту мәселелерін қарау аясында қазіргі таңда берілетін рұқсаттамалар мен лицензиялардың жалпы санын қысқарту мәселесі қаралды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен бұған дейін екі кезеңде лицензиялар мен рұқсаттар саны азайтылған болатын. 2011 жылы анықталған 1015 рұқсаттың 348-і, 2012 жылы 1096 рұқсат қағазының 297-і қысқартылды. Биылғы жылы мамыр айында «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заң қабылданды. Заңда бірыңғай рұқсаттар тізімі айқындалды, ол 708 рұқсат пен 28 хабарламадан тұрады. Енді жаңа рұқсаттарды енгізу үшін міндетті түрде осы заңға өзгерістер енгізу қажет», - деді ол.

Индира Қауметова 


Back to the list