16.09.2014
«Табиғи байлықтарды қолданушылардың есебіне сәйкес, қазақстандық тауар өндірушілердің сатып алу үлесі ұлғаюда: ақшалай есептейтін болсақ, 2010 жылы 681 млрд теңге болса, 2013 жылы бір жарым трлн-ға жетті, дәлірек айтсақ 1 трлн 560 млрд теңге», - деді ол.
Оның айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша мұнай-сервистік компаниялар тауар мен қызмет үшін 2,5 трлн теңге жұмсады.
«2013 жылдың қорытындысы бойынша мұнай-сервистік компаниялар тауар сатып алу мен қызмет үшін 2,7 трлн теңге жұмсады, олар сәйкес жұмыс көлемін орындады. Жергілікті қамтудың дамуы Қазақстан экономикасына оң әсер береді», - деді ол.
Сондай-ақ, оның айтуынша, жергілікті қамту үлесі 2010 жылмен салыстырғанда 45 пайыздан 57 пайызға жетті.
Индира Қауметова