• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» заңына енген өзгертулерді  мақұлдады 10.09.2014

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» ҚР Конституциялық Заңына енгізілген толықтыруларды бірінші оқылымда мақұлдады.  Бұл заң жобасы арқылы Үкімет пен орталық атқарушы органдар, орталық атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы құзіретті бөлу көзделеді.

Сондай-ақ, Елбасы Жарлығын орындау аясында Қазақстан Үкіметіне Конституцияның 66- бабынан туындайтын базалық негiзгi бағыттар бойынша функцияларды әзiрлеу мен оларды жүзеге асыру,  нақтырақ айтқанда, мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуiнiң негізгі жолдарын әзірлеу мен ұйымдастыру жүктеледi.

Сондай-ақ осы күні  мәжілісмендер мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату туралы жаңа енгізілімдерді бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасында орталық мемлекеттiк органдардан жергiлiктi атқарушы органдарға құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жер ресурстарын басқару, ауыл шаруашылығы, энергетика, азаматтық хал актiлерiн тiркеу бойынша бiрқатар өкiлеттiктердi беру көзделген.

 

 


Back to the list