• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Үкімет ҰКП бастамасын қолдады 08.09.2014

Кездесуде несие мен инфрақұрылым, ауыл тауар өндірушілерін субсидиялау механизмін жетілдіру сұрақтары қарастырылды. АӨК қолдау мақсатында 23 қыркүйек күні «жол картасы» қабылданатын болады.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер үкіметте 700 мың адам қызмет етіп жатқан  құрылыс саласының проблемаларын көтерді. Құрылыс көлемінің төмендеуі кәсіпкерлердің пікірінше ипотеканың қолжетімділігі болып келеді. 6,8 млн шаршы метр салынып жатқан құрылыстың 1 млн шаршы метрін ипотекамен қамтамасыз ету қарастырылған.

Үкіметте жалға беру баспанасының құрылысына басымдық беруді жөн деп санап отыр. Үкімет ҰКП құрылыс келісімі бойынша шығындар девальвациясына орай туған олықылықтарға өтемақы төлеуді қолдады. Ұлттық экономика министрлігі бұл үрдіске жұмсалатын бюджет шығынын 50 млрд теңгеге бағалап отыр.Аталмыш қаржы келер жылдық бюджетінен қарастырылмақ. 

Денсаулық сақтау саласына келетін болсақ, кәсіпкерлер сақтандыру медицинасына көшуді сұрап отыр. Бұл жеке медициналық компанияларға серпін береді, ол қызметтің сапасын көтере түседі. Аталмыш ұсыныс  та қолдауға ие болды. Сондай-ақ, IT-сектор өкілдерінің сұрауымен үкімет шетелден жоғары білікті мамандарды тарту ұсынысын қолдады.

 


Back to the list