03.09.2014
«Үкіметтің 2444 қызметінің 1598-ін орталық атқару органдарына беру ұсынылуда. Министрлік деңгейіндегі әлеуметтік салаға 3 Кодекс пен 18 заңнамалық актіге түзетулер енгізу арқылы Үкіметтің түрлі ережелерді, талаптарды бекіту бойынша 98 қызметі берілмек. Мысалы, тіркелген спорттық федерациялардың ережелерін, тарихи және мәдени ескерткіштерді қамтамасыз ету мен қорғау ережелін, клиникалық базалар тізімін, білікті медициналық көмектер түрлері мен көмектерін бекіту», - деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар, министр ауыл шаруашылығы, көлік пен энергетика саласындағы берілетін қызметтер туралы айтты.
«Ауыл шаруашылығы саласына 227 қызмет. Бұл астық сақтау ережелерін бекіту, электронды астық тіркеу жүйесін пайдалану тәртібін анықтау. Көлік саласында, коммуникацияға да байланысты министрлікке 225 қызмет беріледі. Мысалға, магистральді темір жол желілерін қолдану ережелерін бекіту, жолаушылар мен жүк тасымалы тәртібін анықтау», - дейді Е.Досаев.
Оның айтуынша, энергетика саласына 83 қызмет беріледі. Атап айтар болсақ, олар электрмен қамтамасыз етудің типтік келісімін бекіту, энергетикалық сараптама жүргізу ережелері, электр қуаты саласындағы техникалық реттеу.
Индира Қауметова