08.08.2014
«Тағы бір проблема туындап отыр – бұл қиын кезеңде әрбір министр өзіне жүктелген міндетті орындауы тиіс. Енді ол ұқсас қызметті министрге ісін аудара салмайды.Әр министр өз саласына тиесілі жұмысты ғана атқаруы тиіс», - деді Бәшімов.
Бәшімов атап өткендей, ІІМ мен ТЖМ біріктіру – Елбасы тарапынан дұрыс пікір.
«Меніңше, ІІМ мен ТЖМ біріктіру – өте орынды шешім, себебі кез келген адам ең алдымен 01 нөміріне хабарласады, оқиға орнында бірінші болып ішкі істер министрі табылады,содан кейін бірақ ТЖМ-ге қоңырау шалынады», - деді ол.
Айта кетейік, 6 тамыз күні Астанада Н. Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы 17 министрліктің орнына – 12, оның ішінде 5-уі жаңа ведомство, 54 комитетті 30 комитетке қысқарту туралы шешім қабылдады.
Мадина Нұрбекова