• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Министрліктердің қайта құрылуы  әлемдік экономикалық дағдарысқа  байланысты – Бәшімов (Брифинг бейнебаяны) 08.08.2014

«Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында  қабылданған шешімдер анық. Көптеген сарапшылар орын алған оқиғаны күрделі деп есептейді. Әлемдік дағдарыстың барлық  салдары ашылып біткен жоқ, сондықтан да Үкімет мемлекетті болашақта күтіп тұрған жағдайға алдын ала дайындалуда», - деді Бәшімов.

«Үкімет стратегиялық жоспар дайындауда. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент кейбір министрліктің қайта құрылуы стратегиялық жоспарға сәйкес екенін атап өтті», - деді ол.

Оның айтуынша, бірінші жарты жылдықта Үкімет ең басты тапсырма, яғни экономикалық өсімнің бәсеңділігіне қарсы тұра білді.

«Бұл өте маңызды. Егер де көрші елдерге назар аударсақ , бізде болып жатқан жағдай 2-3 жылда орындалуы ықтимал оқиға еді. Демек, қазір белгілі бір  есеп жазу қажет», - деді ол.

Мадина Нұрбекова


Back to the list