06.08.2014
«Мен Үкіметтің жаңа құрылымы туралы шешім қабылдадым. Ол 12 министрлік, шамамен 30 комитеттен тұратын болады. Бүгінде 17 министрлік, 9 агенттік, 54 комитет, 272 департамент бар. Яғни, 17-ден 12 министрлік, 54 комитеттен 30-ы қалады, барлық 9 агенттік қысқарып, комитет түрінде министрліктерге өтеді. 272 департаментпен Үкімет айналысады», - деді Президент.
Сонымен, Елбасының тапсырмасымен Қаржы полициясының өкілеттілігі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігіне, ТЖМ қызметі ҚР ІІМ-ге беріледі.
«ҚР Энргетика министрлігін В.Школьник, ҚР Жаңа ұлттық экономика министрлігін Ерболат Досаев, ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрлігін Тамара Дүйсенова басқарады», - деп түйіндеді Н.Назарбаев.