06.08.2014
Қазақстанда физикалық дамудың индексі бірінші жарты жылдықта 99,6% көрсетті. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов хабарлады.
«Қазақстанда физикалық дамудың индексі бірінші жарты жылдықта 99,6% көрсетті. Әзірбайжанда ол 2%, Белорусияда - 1,5%-ға төмендеді. Жалпы, кейбір салаларда өсім бар болса, кейбіреулерінде көрсеткіштер төмендеп кеткен», - деді министр.
Сонымен қатар, Ә. Исекешев атап өткендей, Қазақстанда электр энергияға және тасымалдауға тарифтер төмендетіліп, темір сынықтарын шығаруға тыйым салынған.
«Осындай шаралардың арқасында жыл соңына дейін аталмыш жағдайдан жақсы нәтижемен шығамыз деген ойдамыз», - деді ол.
Оның айтуынша, елімізде машинақұрылысы, фармацевтика, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп және азық-түлік салаларында жағдай жақсы.
Индира Кауметова