• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2014-2015 жылдары ел экономикасына  2 трлн теңгеге жуық қаржы тарту көзделген – Сұлтанов 06.08.2014

«Сіздің тапсырмаңыз бойынша капиталды заңдастыру шаралары қарқынды жүруде. Аталмыш ауқымда шара 1 қыркүйекте басталады.Осы мақсатта 15 тамызда заң қабылданды және оны актілері де бекітілді», - деп хабарлады Сұлтанов.

Оның айтуынша, салық органдарының, әкімдіктер мен банктердің жұмыстарын үйлестүруді арнайы құрылған комиссия қамтамасыз етеді, арнайы call-орталық құрылды, БАҚ жұмыс бір жолға салынды.

«Ауқымды шараның нәтижесінді біз экономикаға ағымдағы жылы және 2015 жылы 2 трлн теңгеге жуық қаражат тартуды көздеп отырмыз. Бюджет 100 млрд. теңгеге толығуы мүмкін», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін мүлік пен капиталды заңдастыру жүргізіледі.

Мадина Нұрбекова


Back to the list