06.08.2014
«Бизнесті кең ауқымды қолдау мен экономикалық дамуды қамтамасыз етудің шаралары қолға алынды. Алғашқы 100 млрд теңге шағын және орта бизнесті несиелендіру үшін Ұлттық қордан бөлініп, кәсіпкерлердің қолдарына тиді.Банктер құны 76 млрд теңге болатын 327 жобаны мақұлдаған. Оның ішінде 50,5 млрд теңгелік 218 жоба қаржыландырылған. 150-ден астам жоба қарастырылып жатыр», - деді ол.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша жыл басынан қосымша 467 жоба субсидияланды», - дейді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.
Сондай-ақ, Премьер-Министрдің Бірінші орынбасарының айтуынша, елде рұқсат беру жүйесі жеңілдетіліп лицензия беру жүйесі автоматтандырылған.
«2020 жылға дейінгі кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу тұжырымдамасы қабылданды, рұқсат беру жүйесі мен лицензия беруді автоматтандыру заңы қабылданды», - деді Б. Сағынтаев.
Индира Кауметова