06.08.2014
«Біз жыл басынан бері жасалған жұмыстың қорытындысын талқылау үшін бас қостық, қалған жарты жылда экономиканың жоғары деңгейі мен көрсеткіштерді төмендетпеу үшін жоспарлы жұмыстарды айқынау қажет», - деді Президент.
Елбасының айтуынша, «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында 30 елдің қатарына кіру мақсатында мемлекет барлық мемлекеттік бағдарламаларды қабылдады.
«Премьер-Министр менің тапсырмам бойынша барлық өңірлерді аралап өтіп, жергілікті проблемаларды анықтады. Жалпы, Үкімет менің тапсырмам бойынша стратегиялық құжаттарды орындауда. Экономикада болып жатқан өңірлік және жаһандық жағдай біздің назарымызды қажет етеді», - деді Елбасы.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин және Президенттің көмекшісі Е.Орынбаевтың қатысуымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері жөнінде кеңес өткізуде.
Мадина Нұрбекова