22.07.2014
«Қыркүйектін 1-нен бастап заңдастыру туралы заң күшіне енеді. Егер, ресейлік экономикалық жағдаймен салыстыратын болсақ, ресми мәліметтер бойынша бірінші жарты жылдықда елден 75 млрд. долл. астам қаражат мемлекеттен кетіп қалған. Сондықтанда біз мемлекеттен ақшаның сыртқа кетіп қалмауы үшін немесе қайта оралуы үшін бірегей жағдай жасап отырмыз. Шарттар қарапайым, егер сіздің ақшаңыз болса сіз депозитке салсаңыз болғаны», - деді Келімбетов.
Оның айтуынша, егер азамат адамзатқа қарсы қылмыс жасамаса, онда оған үкімет ешқандай сұрақ қоймайды. Өткен 20 жылда аталмыш заң сан рет талқыланып, түрлі анықтамалары болған. Енді 2017 жылдан бастап халыққа мұндай мүмкіндік берілмейді. Ол уақытта мұндай табыстың қайдан келіп жатқаны немесе мұндай шығындарға не себеп болып отырғаны қатаң сұралатын болады.
«Жалпы, алдағы заңдастыру дұрыс түсіндірілген жағдайда мемлекеттік қазынаға 10 млрд. доллардан астам қаражат түсуі керек», - деп Келімбетов түйіндеді.