• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстан Үкіметі 2030 жылға дейінгі елдің қаржы секторын дамыту тұжырымдамасы жобасын қарады 22.07.2014

«Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасы 2030 жылға дейінгі аралықты қамтымақ. Бұл ұзақмерзімді құжатты біз шартты түрде екіге бөлдік. Бірінші кезең 2020 жылға дейінгі болса, екіншісі 2030 жылға дейін», - дейді бас банкир.

Оның айутынша, қаржы секторын дамыту бойынша бұрынғы төрт тұжырымдама орта мерзімді сипатта болған еді.  

Жалпы, оның айтуынша, тұжырымдаманың құрылуына 2008-2010 жылдардағы жаһандық қаржы дағдарысы көп сабақ болды.

Үкімет отырысында айтылғандай, тұжырымдаманың басты мақсаты қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен Экономикалық ынтымақтастастық және даму ұйымы стандарттарын қосқанда үздік әлемдік стандарттар базасындағы экономикада ресурсты қайта бөлу бойынша оның тиімділігін күшейту.

Қарды секторын дамыту тұжырымдамасы аясында қаржы секторы ресурсын кеңейту мен экономикадағы несиелік қауіпті азайта отырып теңестірілген экономикалық шарттарды қолдау қарастырылған.

Камила Амирова


Back to the list