• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Индустриалды-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындар бөлігін өтеу тізімі кеңейтіледі 18.07.2014

Өтеу тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін (халықаралық стандартарға – ISO, API, ASTM және т.б. сәйкес)сертификаттауға арналған шығындармен байланысты.

Бүгінге дейін 7 қазақстандық компанияларды шығындары өтелді. Алайда, Қағидалармен бекітілген қызмет түрлерінің Тізіміне енбейтін бірқатар жергілікті тауарөндірушілер бар (мысалға, силикат кірпішінің, пластик құбырларының және т.б. өндірушілері).

Сонымен қатар,  «ЭКСПО-2017» қарсаңында осы Тізімге қонақүй бизнесі, қоғамдық тамақтану секілді қызмет түрлерін қосу мүмкіндігін қарастыру көзделуде.

Шығындар бөлігін өтеу механизмін жеңілдету мақсатында индустриалды-инновациялық қызмет субъектілерінің ұсынылатын құжаттар тізімін қысқарту жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттауға арналған шығындарды өтеу нысанындағы мемлекеттік қолдау. Шығындар жартылай өтеледі: тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттаумен байланысты консультациялық қызметтерге; · тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттық аудиттен және сертификаттық сынақтан өткізуге; тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және сапа менеджменті жүйелерін сертификаттаумен байланысты персоналдың біліктілігін арттыруға.  Шығындарды өтеу сомасы өтеуге ұсынылатын сомадан 50%, бірақ  3 000 АЕК көп емес.


Back to the list