01.07.2014
«Ірі қара мал етінің экпорттық әлеуетін арттыру жобасы 2012 жылдан бері жүзеге асырылуда. Жоба барлық облыстарда бірдей жүргізіліп жатыр деп айта алмаймыз. Мысалы, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш барлық аналық ірі қара малға шаққанда 35 пайыздан артық. Ал кейбір облыстарда бұл көрсеткіш төмен. Аудандар арасында да осындай рейтинг жасалды.Соңғы үш жылда фермерлік шаруашылықтарда ірі қара мал басының үлесі 12-ден 22 пайызға дейін өскен», - деді А.Мамытбеков.
«Бүгінде экспорт басталып кетті. Қазіргі кезге дейін 1350 мың тонна ет экспортқа жөнелтілді. Биылы жылдың соңына дейін 9700 тонна ет экспортқа шығарылады деп жоспарланып отыр. Тиісті облыстармен арнайы меморандумға қол қойдық», - деп қосты министр.
Мадина Нұрбекова