01.07.2014
«Тарифтік саясатқа жаңа бағыттар енгізу мақсатында 2020 жылға дейінгі тарифтік саясат бойынша бағдарлама әзірленді. Кеше жоба Үкіметке енгізілді, шілде айында ол қабылданатын болады», - деді Е. Досаев.
Е. Досаев атап өткендей, бағдарлама монополистердің қызметін реттеуді тиімді қалыптастыруға бағытталған.
Сондай-ақ, тауар нарықтарын дамыту мақсатында реттеу қызметі бойынша шаралар кешенінің жоспары бекітілді.
Ведомство басшысы атап өткендей, Президент тапсырмасы бойынша көлеңкелі экономикамен күрес бойынша 2014-2015 жылдарға арналған шаралар жоспары анықталды.
Камила Амирова